Мазмұнға өту
qandastar.

Елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бақытжан Мұса · · 1 134 қаралым
Елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

24 мамырда Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында жаңбыр, найзағай, қатты жел, тұман және үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, дейді Qandastar.kz.

Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде үсік жүруі ықтимал.

Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Қостанай және Павлодар қалаларында да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Жетісу, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp