Мазмұнға өту
qandastar.

"Елдің пікірі тыс қалмасын": Тоқаев жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды

bahitzhanabzal · · 100 қаралым
"Елдің пікірі тыс қалмасын": Тоқаев жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордадағы V Ұлттық құрылтайда жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Салық кодексін қолдану жөнінде қоғамнан түскен барлық ақылға қонымды, конструктивті ұсыныстарды мұқият қарастырып, қажет болса, кодекске түзетулер енгізу керек. Салық кодексі – киелі жазба емес, оған өзгерістер енгізуге болады
деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық реформасы аясында жаңа Салық кодексі күшіне енді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp