Мазмұнға өту
qandastar.

Электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгермек

qandastar · · 258 қаралым
Электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгермек

 

Енді жеке және заңды тұлғалар түпнұсқалық растама үшін де, қол қою үшін де бір ЭЦҚ кілтін алады.  Ал заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің талап етілмеген түрлері тізімнен алынады:  

"Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер";

"Адам ресурстары бөлімінің қызметкері".

30 сәуірде Ұлттық сертификаттау орталығы ГОСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшеді. Жаңа ГОСТ 2015 алгоритміне қолдауды жаңартылған NCALayer қамтамасыз етеді. Жаңа нұсқасы шыққаннан кейін қолданба пайдаланушыға NCALayer жаңартуын автоматты түрде ұсынады.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp