Мазмұнға өту
qandastar.

Елена Рыбакина Қазақстанға келіп, US Open-дегі жеңісін елмен бірге атап өтпек

Бақытжан Мұса · · 32 қаралым
Елена Рыбакина Қазақстанға келіп, US Open-дегі жеңісін елмен бірге атап өтпек

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін Қазақстанға оралып, тарихи жетістігін отандастарымен бірге атап өтуді жоспарлап отырғанын айтты, дейді Qandastar.kz.

TheTennisLetter басылымы әлеуметтік желідегі парақшасында спортшының US Open турниріндегі жеңісінен кейінгі баспасөз мәслихатынан үзінді жариялады.

Баспасөз мәслихатынан кейін журналист Рыбакинадан оны қолдаған қазақстандық жанкүйерлерге не айтқысы келетінін сұрады. Теннисші арнайы тоқтап, сұраққа жауап берді.

Рыбакина отандастарына қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, ол әзірге Қазақстанға оралмағанымен, елге келуді жоспарлап отыр.

«Мені қолдап, матчты бақылаған барлық қазақстандықпен осы сәтті бөліскім келеді. Әсіресе балалармен. Қазір теннис орталықтарына көптеген бала келіп жатыр, олардың барлығы теннис ойнағысы келеді. Бұл өте керемет. Бүкіл ел үшін маңызды бұл жетістікті бірге атап өтейік», – деді спортшы.

Елена Рыбакина осылайша US Open-дегі жеңісін Қазақстандағы жанкүйерлерімен бірге атап өтуді көздеп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp