Мазмұнға өту
qandastar.

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Малика Хамит · · 186 қаралым
Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 3:6, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Ойын 2 сағат 8 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы бес эйс жасап, үш брейк орындады.

Енді Рыбакина US Open-ның шешуші матчында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Бұл жетістікпен қазақстандық теннисші тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізді. US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі. Финалда жеңілсе де, жеңсе де, ол WTA рейтингінің көшін бастайды.

Жаңартылған рейтинг 14 қыркүйекте жарияланады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp