HeadHunter сарапшылары 2025 жылдың қорытындысын шығарып, Қазақстандағы ең жоғары медиандық жалақысы бар салаларды атады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ең жоғары медиандық жалақы ұсынылған топ-5 сала:
- Жоғары және орта буын менеджменті – 452 561 теңге (жыл ішінде -10,3%);
- Автокөлік бизнесі – 427 854 теңге (+14,2%);
- Маркетинг, жарнама, PR – 386 475 теңге (+7%);
- Спорт клубтары, фитнес, сұлулық индустриясы – 373 733 теңге (+10,2%);
- Сатып алулар – 329 687 теңге (+9,6%).
Сондай-ақ үздік ондыққа сату және
клиенттерге қызмет көрсету
(327 616 теңге, 12,3%),
құрылыс және жылжымайтын мүлік
(325 819 теңге, 8,5%),
ауыл шаруашылығы
(325 179 теңге, 12,9%),
құқық саласы
(325 029 теңге, 4,1%),
стратегия, инвестициялар және консалтинг
(322 442 теңге, 7,7%) салалары кірді.
Hh.kz мәліметінше, ең танымал салалардың бірі – ақпараттық технологиялар саласында ұсынылатын жалақы 7,6%-ға төмендеп, 268 994 теңгені құрады.
Ең көп жалақы қай өңірде
Жалақы мөлшері бойынша
көшбасшында Астана қаласы тұр
, мұнда медиандық жалақы 327 999 теңгеге жетіп, 8%-ға артқан. Одан кейін
Алматы – 324 897 теңге
(+7,7%).
Үздік үштікке Қарағанды
да кірді (279 379 теңге, +8,9%) – бұл көрсеткішпен ол Шымкентті (277 719 теңге, +10,8%) басып озды.
Көкшетау (274 мың теңге, +13,6%) мен Өскеменде (273,9 мың теңге, +9,2%) медианалық жалақының айтарлықтай өскені байқалды. Бұл – өңірлік орталықтардың елдегі ірі қалалар қатарындағы позициясының нығайғанын көрсетеді.
Келесі топқа Павлодар (267,4 мың теңге, +12,8%), Семей (250,9 мың теңге, +7,6%), Тараз (248,3 мың теңге, +12,8%) және Ақтөбе (246,8 мың теңге, +3,9%) кірді. Бұл қалаларда жалақы өсуі бірқалыпты, күрт өзгеріссіз өтті.