Мазмұнға өту
qandastar.

Елімізде көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

qandastar · · 1 276 қаралым
Елімізде көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

Бұл қызмет түрі электрондық үкімет порталында да қол жетімді болмайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Құрметті көлік иелері! 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды қабылдау сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада. Айта кетейік, дәл осы қызмет түрі осы уақыт аралығында электрондық үкімет порталында да қолжетімді болмайды.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу: Telegram WhatsApp