Мазмұнға өту
qandastar.

Елімізде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 38 жаңа жоба іске қосылады

tursynhan · · 82 қаралым
Елімізде құрылыс материалдарын өндіру бойынша 38 жаңа жоба іске қосылады

Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс саласының қарқынды дамуына байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Осыған орай, нарықта тапшылықтың пайда болуына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған жаңа жобалар іске асырылуда.

Премьер-министрдің айтуынша, биыл елімізде осы бағытта 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, аталған жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ал бұл жұмыстарды жалпы бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp