Мазмұнға өту
qandastar.

Елімізде жол жүру ережесі өзгереді

bahitzhanabzal · · 215 қаралым
Елімізде жол жүру ережесі өзгереді

Фото: Айкын.кз

Заң жобасы 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады, – деп жазады

.

Жаңа өзгерістер электромобильдер мен олардың иелеріне қатысты:

- электр қозғалтқышымен жабдықталған және қозғалатын, батареялардан энергия алатын және тек сыртқы электр энергиясы көзін пайдалана отырып зарядталатын механикалық көлік құралдарына "электромобиль" ұғымы енгізілді;

- электрлі автокөліктер қоғамдық автотұрақтар мен паркингтерде тұрақ ақысын төлеуден босатылады;

- көлігін зарядтау мақсатынсыз электр көліктері зарядталатын орындарда тұраққа қойғандарға айыппұлдар енгізіледі;

GAZ және "электромобиль" сәйкестендіру белгілеріне қойылатын талаптар "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына сәйкестендірілді
делінген хабарламада.

Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, D санатындағы (қоғамдық көлік) жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдетіледі. Жүк көліктерінің елді мекендерде рұқсат етілген жылдамдығы 50 шақырым/сағ дейін төмендетілмек.

Бөлісу: Telegram WhatsApp