Мазмұнға өту
qandastar.

Еліміздің екі өңірінде жер сілкінді

bahitzhanabzal · · 222 қаралым
Еліміздің екі өңірінде жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз
 15 ақпанда Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды qandastar.kz
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:48-де болған. "Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан", делінген хабарламада. Тіркелген есепті жиілік (балл) :
  • Катон - Балқарағай ауылы - 3 балл;
  • Марқакөл ауылы - 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы - 3 балл;
  • Алтай қаласы (Зырян) - 3 балл;
  • Боран ауылы - 3 балл;
  • Риддер қаласы (Ленинград) - 2 балл;
  • Зайсан- 3 балл;
  • Күршім - 3 балл;
  • Самар ауылы - 3 балл;
  • Көкпекті - 2 балл;
  • Ақсуат - 2 балл;
  • Қалбатау - 2 балл;
  • Бородулиха - 2 балл;
  • Семей - 2 балл;
  • Жоламан - 2 балл;
  • Мақаншы - 2 балл;
  • Үржар - 2 балл; Аягөз қаласы - 2 балл;
  • Бесқарағай - 2 балл;
  • Қарауыл - 2 балл.
Бөлісу: Telegram WhatsApp