Мазмұнға өту
qandastar.

«Еліміздің патриоты»: вице-министр Бибісараға қатысты қауесетке жауап берді

Малика Хамит · · 18 қаралым
«Еліміздің патриоты»: вице-министр Бибісараға қатысты қауесетке жауап берді

Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды

порталы.

Парламент кулуарында журналистердің сауалына жауап берген Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бұл мәселенің мүлде қарастырылып жатпағанын айтты.

Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы ешқандай мәселе жоқ. Бұл мәселені кім көтергенін және не үшін талқылап жүргенін білмеймін. Бибісара Асаубаева – еліміздің патриоты
деді вице-министр.

Оның сөзінше, бұған дейін көтерілген қаржылық мәселелер толық шешімін тапқан.

Қазіргі таңда министрлік белгілі шахматшының Астанаға келуін күтіп отыр.

Жақын уақытта елордада спортшыға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған мемлекеттік марапат салтанатты түрде табысталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp