Мазмұнға өту
qandastar.

Елордада сүрленген етке қызыққан 31 адам алаяқтың құрбаны болған

Малика Хамит 103 қаралым
Елордада сүрленген етке қызыққан 31 адам алаяқтың құрбаны болған

Елордада жылқының сүрленген етін арзан бағамен сатамыз деп ондаған адамды алдаған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ол Instagram мен WhatsApp арқылы етке тапсырыс қабылдап, сатып алушылардан алдын ала төлем алған. Алайда тауарды жеткізуге бастапқыдан-ақ ниеті болмаған. Ал сенімге кіру үшін бұрынғы тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған.

Жиналған ақшаны кәсіпкер жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Соның салдарынан 31 адам 1,7 млн теңгеден астам шығынға ұшырады.

Сотта оның кінәсі толық дәлелденді. Келтірілген залалдың өтелгені ескеріліп, сот кәсіпкерге 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Прокуратура азаматтарды әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы тауар сатып алғанда сақ болуға, әсіресе бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp