Мазмұнға өту
qandastar.

Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды

bahitzhanabzal · · 228 қаралым
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды
Фото: ашық дереккөз
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды. Ол объектілерге 6 мыңнан астам адам ақша салған, деп хабарлайды qandastar.kz Күні бүгін құрылыс компанияларына қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауға алынған. Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден асатын, құрылысы аяқталмаған объектілерді тәркілеу туралы 8 талап-арызды қанағаттандырған. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек рұқсат құжатынсыз үлескерлерден ақша тарту арқылы салынған «Qurmangazy» тұрғын үй кешені демонтаждалды.
Бөлісу: Telegram WhatsApp