Астанада жылыту маусымы жақын күндері басталмақ, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Энергетика министрлігі жылу беру кестесіне қатысты мәлімет жариялады.
Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, ауа райына байланысты осы аптаның соңына дейін Астана, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстары, сондай-ақ Абай облысында жылу беріле бастайды.
Қазірдің өзінде Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылыту маусымы басталған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында үйлерге жылу беріліп жатыр.
Ал Семейде дайындық деңгейі әзірге 82 пайызды құрайды. 27 қыркүйекте қажетті сорғы жабдығы жеткізіліп, қазір оны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министрлік өкілі жөндеу жұмыстарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау қажет екенін атап өтті.