Елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Фронт-офиске келген 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшіліктің көзінше шалбарын шешіп тастаған.
[video width="848" height="464" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/IMG_8539.mp4"][/video]
Оқиғаға полиция араласып, ер адамның жеке басын анықтады. Ол Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамның әрекеті айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған.
Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Полиция қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырды.
Ведомство мұндай талаптарды қасақана елемеу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.