Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде өрт шығып, ғимаратты түтін басқан, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.
Оқиға Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде болған. Жертөледе электр сымдары мен автокөлік шиналары тұтанған.
Өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Қалың түтін басқан ғимаратта газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмыс істеп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт толық сөндірілді. Жалын мен жоғары температураның әсерінен төрт автокөлікке зақым келген.