9 мамыр күні елордада 13 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түсті, деп хабарлайды
порталы.
Ата-анасының айтуынша, бала қосымша сабаққа кеткеннен кейін үйіне оралмаған. Кейін оның отбасындағы түсініспеушіліктен кейін өз еркімен үйден кетіп қалғаны анықталды.
Жасөспірімді іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Жалпы іздеу жұмыстарына 70 полиция қызметкері мен 30 әскери қызметші қатысты. Тәртіп сақшылары мектептер мен медициналық мекемелерді тексеріп, аулалар мен кіреберістерді аралаған. Сонымен қатар бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді.
Іздестіру барысында баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барғаны, кейін тас жол бойымен жаяу жүргені белгілі болды. Ол түнеуге Ақжар ауылындағы мешітке тоқтаған.
Жасөспірім қала сыртындағы тас жол бойынан табылып, аман-есен ата-анасына тапсырылды
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Полицейлер отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызын еске салды.
[video width="576" height="1024" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/police__astana_1778480204606.mp4"][/video]