Ұлытау облысында жүргізуші куәлігін рәсімдеп беремін деп ақша алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесі прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жасады деген күдікпен Сәтбаев қаласының тұрғынын қолға түсірді.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті интернет пен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып, қызметін жарнамалаған. Алайда ақша алғаннан кейін клиенттерімен байланысын тоқтатып отырған.
Қазірдің өзінде 20-ға жуық жәбірленуші анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізуші куәлігін Қазақстанда тек заңда белгіленген тәртіппен алуға болатынын ескертті. Ол үшін арнайы оқудан өтіп, емтихан тапсырып, құжаттарды ХҚКО арқылы рәсімдеу қажет.
Құқықты оқусыз, емтихансыз немесе «дайын күйінде» алып беруді ұсынатын қызметтер заңсыз саналады. Мамандар мұндай ұсыныстардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ұлытау Облысының Полиция Департаменті (@policeofulytau)