Фото: ашық дереккөз
АҚШ-та Дональд Трамп бейнеленген жаңа банкнот шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Каролина штатынан сайланған республикалық конгрессмен Джо Уилсон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың бейнесі салынған 250 долларлық жаңа банкнот шығару туралы заң жобасын дайындап жатқанын мәлімдеді.
Бюро гравировка және баспа қызметіне Дональд Трамптың портреті бейнеленген 250 долларлық банкнот әзірлеуді тапсырған заң жобасын дайындап жатқанымды қуана хабарлаймын
Конгрессмен бұл бастаманы АҚШ экономикасына кері әсерін тигізген “байденфляция” (президент Джо Байденнің саясаты салдарынан туындаған инфляция) мәселесімен байланыстырды. Оның айтуынша, америкалықтар қымбатшылықтың салдарынан өзімен бірге көбірек қолма-қол ақша тасуға мәжбүр.