ҚР Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуші куәлігіге қатысты WhatsApp мессенджерінде таралған хабарлама бойынша мәлімдеме жасады, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжатты міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек деген дауыс хабарламасы шындыққа жанаспайды. Расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз
Айта кетсек, бұған дейін ІІМ өкілдері рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралған хабарламаға пікір білдіріп, оның жалған екенін айтқан еді.