Мазмұнға өту
qandastar.

Енді мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тартатындарға айыппұл салынуы мүмкін

Малика Хамит · · 255 қаралым
Енді мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тартатындарға айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдерді өз қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға мәжбүрлегендерге айыппұл салу ұсынылды.

Бұл бастама Мәжілісте қаралған жаңа заң жобалары аясында көтерілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Құжаттар педагог мәртебесін қорғауға және білім беру жүйесіндегі артық бюрократияны қысқартуға бағытталған.

Депутат Асхат Аймағамбетов таныстырған өзгерістер мұғалімдердің кәсіби шекарасын нақтылауды көздейді.

Жаңа нормаларға сәйкес, педагогтардың жауапкершілігі тек оқу уақытымен шектеліп, сабақтан тыс кезеңде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауап береді.

Сонымен қатар ұстаздарды бөтен іс-шараларға тартуға заң жүзінде тосқауыл қойылады. Мұндай талапты бұзған басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Есептілікті қатарынан қағаз және электронды форматта тапсыру тәжірибесі де тоқтатылмақ - тек бір ғана формат қалдырылады.

Ал мұғалімдерді әлеуметтік желіде жұмыс нәтижесін жариялауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет ретінде қарастырылады.

Бұл өзгерістер педагогтардың жүктемесін азайтып, мектеп жүйесінде әділ әрі түсінікті тәртіп орнатуға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp