Мазмұнға өту
qandastar.

Енді өтінім жазудың қажеті болмайды: Бектенов мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды тапсырды

Малика Хамит · · 657 қаралым
Енді өтінім жазудың қажеті болмайды: Бектенов мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды тапсырды

Қазақстанда кейбір мемлекеттік қызметтерді азаматтың өтінішінсіз көрсету жоспарланып отыр, деп хабарлайды

порталы.

Яғни қажетті қызметті іздеп, өтінім толтырып, бірнеше қадамнан өтудің қажеті болмайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Жасанды интеллект министрлігіне мемлекеттік органдармен бірге осындай форматқа көшіруге болатын қызметтердің тізімін әзірлеуді тапсырды.

Жаңа тәсіл бойынша азамат қажетті нәтижені қосымша өтінішсіз және артық әрекетсіз алуы тиіс.

Бектенов бұл бағытта көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау және соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру сияқты қызметтерді үлгі ретінде қарастыруға болатынын айтты.

Цифрлық қызметтер санын көбейту жеткіліксіз. Азамат қажетті нәтижені жылдам әрі еш кедергісіз алуы керек
деді Премьер-министр.

Тізім биыл мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленеді. Мақсат – азамат пен мемлекеттік жүйе арасындағы артық бюрократиялық қадамдарды азайту.

Бөлісу: Telegram WhatsApp