Мазмұнға өту
qandastar.

Энергетика министрлігі тарифтердің бағасын 7 жылға өзгеріссіз қалдырмақ

bahitzhanabzal · · 108 қаралым
Энергетика министрлігі тарифтердің бағасын 7 жылға өзгеріссіз қалдырмақ

Қазақстанда электр энергиясына тарифтер 2026 жылдан бастап жеті жылға - 2032 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Энергетика министрлігі әзірлеген “Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы” бұйрық жобасында көрсетілген, деп жазылған qandastar.kz

Құжатқа сәйкес, 2026-2032 жылдарға арналған тарифтер 2025 жылғы деңгейде сақталады. Министрлік мұндай шешім елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын хабарлады. Бұл - 2025 жылғы 8 қазанда өткен кеңес қорытындысы бойынша президент берген тапсырма.

Жаңа тарифтер 2026 жылдың басынан бастап күшіне енеді.

Бұйрық жобасы 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға “Ашық НҚА” порталында жарияланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp