Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәжіліс кулуарында декларацияда қанша кіріс көрсеткенін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Брифинг кезінде Ерлан Ақкенжановке бұрын тапсырған табыс декларациясы туралы сауал қойылды. Министр қосымша табысы жоқ екенін, тек жалақысы бойынша декларация тапсырғанын айтты.
Журналист жалақының нақты мөлшерін сұрады. Осылайша декларацияда көрсетілген табысты министр атаған айлық мөлшерін салыстырмақ болды.
Айына 1 миллион 200 мың теңге жалақы аламын
Журналист министрдің сыйақы алғанын нақтылап, декларацияда көрсеткен соманы айтуын сұрады.
Бізде сыйақы төлемдері бар, олардың бәрі көрсетілген. Шамамен 20 миллион теңгеден сәл асады
Ол бұл сомаға тек жалақы мен сыйақылар кіргенін атап өтті.