Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
порталы.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында әйелдің өз шаңырағында қорлық көрмеуі керектігін айтып, ер азаматтарды сабырлы болуға шақырды.
Бас мүфти әйел – отбасының берекесі әрі бір әулеттің аялап өсірген қызы екенін атап өтті. Оның сөзінше, әйел жаңа отбасына қорқыныш емес, жылулық пен қорғаныш іздеп келеді.
Әйел өз үйінде қорқып емес, қадірленіп өмір сүруге тиіс
Ол ер адамның шынайы күші жұдырық көтеруде емес, ашуын тежеп, жанындағы адамға сүйеу бола білуде екенін айтты.
Ер адамның күші жұдырығында емес. Нағыз күш – ашуға ерік бермей, сабыр сақтай білуде. Жаныңдағы жанды жылатпай, керісінше оған сүйеніш болуда
Наурызбай қажы Тағанұлы ашумен айтылған ауыр сөз бен жасалған әрекеттің салдары ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, бір сәттік ашудың өкініші кейде адамға өмір бойы ауыр тиюі ықтимал.
Бас мүфти Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың» деген өсиетін де еске салды.
Әйелді жылату – азаматтық емес. Әйелге қорған болу – ердің міндеті
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Наурызбай қажы Тағанұлы (@nauryzbai.taganuly)