Ердоған Корея Республикасына ресми сапармен бара жатқан жолда Қазақстан аумағының үстімен ұшып өткен, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Осы сәтте ол биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын және Тоқаевтың жақында Анкараға барғанын еске алған.
Түркия басшысы екі ел арасындағы кездесулердің нәтижелі болғанын айтып, Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық пен қуаныш тіледі.
Өз кезегінде Қазақстан президенті түрік әріптесіне Анкарада қазақ делегациясына көрсеткен құрметі мен қонақжайлығы үшін алғыс білдірді.
«Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Президенттердің бұл хат алмасуы Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыс пен стратегиялық әріптестіктің жалғасып келе жатқанын көрсетті.