Мазмұнға өту
qandastar.

Ердоғанның құрметіне елорда аспанында Түркия туының түстері бейнеленді

Малика Хамит · · 252 қаралым
Ердоғанның құрметіне елорда аспанында Түркия туының түстері бейнеленді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған салтанатты түрде қарсы алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Құрметті мейманды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребительдері аспанда Түркия туының түстерін бейнелейтін қызыл және ақ жолақтар қалдырды.

Одан кейін мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp