Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов «ерекше балалар зинақорлардан туады» деп елді шулатқан блогер туралы пікірін айтты, деп хабарлайды
порталы.
Саурықовтың айтуынша, ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогерді қатаң жазалау керек.
Азаматшаны қылмыстық жазаға тарту керек. Егер әкімшілік жазамен құтылатын болса, ол екінші рет осындай жағдайдың қайталануына себепші болады
Сондай-ақ өзінің де ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып өтті.
Кіші қызым ерекше жағдайдағы бала. Біз де осындай бала өсіріп отырған соң ата-аналардың психологиясын, өмірге көзқарасын өте жақсы білеміз. Сондықтан ондай ата-аналарды ерекше қорғауға алу керек. Ерекше баланы тәрбиелеп отырғандарды елдің бәрі түсіне бермейді. Мен бұны жақсы білемін. Бұндай ата-аналарға ерекше қолдау қажет. Менің ойымша, петиция жинаудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Петициясыз-ақ біздің құқық қорғау органдары түбейлі шешім қабылдауы тиіс. Егер әкімшілік жазамен шектелетін болса, бұл мәселеге өзім де араласатын боламын
Айта кетері, Астана полициясы әлеуметтік желілерде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлайтын сөздер айтылған видеоны таратқан блогерді ұстаған еді.
Оған қатысты әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұлмен құтылған болатын.
[video width="720" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2025/12/Deputat-Erbolat-Saurykovka-riza-boldym.-Eshkandaj-petitsiyasyz-algi-blogerdi-kylmystyk-zhauapka-tar.mp4"][/video]