Мазмұнға өту
qandastar.

Ерке Есмахан мен RaiM Қазақстаннан кетіп қалды

bahitzhanabzal · · 1 076 қаралым
Ерке Есмахан мен RaiM Қазақстаннан кетіп қалды

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен оның жұбайы, әнші RaiM Мальдив аралдарына демалысқа аттанды. Ерлі-зайыптылар Instagram желісіндегі жеке блогтарында демалыстан кадрлармен бөлісіп жатыр, деп жазады qandastar.kz.

Ерке мен RaiM жұмағын еске салатын аралдарда қалай демалып жатқанын көрсетуде. Өткен жазда үшінші рет ана атанған әнші өзінің бұрынғы қалпына дерлік келгенін айтты.

Ол отбасымен бірге тамаша демалып жатқанын жасырмай, қою түсті панама мен ақ жейде киіп, шашын жайып түскен суретін жариялады.

Айтпақшы, қазір салмағым - 56 келі. Тағы 5 келі тастауым керек. Мұнда тері дем алады. Өзімді өте жеңіл сезінемін. Керемет
деп жазды Ерке.

Ерлі-зайыптылардың стористерінен әсем теңіз көрінісі мен жайқалған жасыл табиғатты көруге болады. Кадрларда олардың кенже ұлы Ислам да жиі көрініс табады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp