Мазмұнға өту
qandastar.

Ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті: Щучинсктегі өртке қатысты күдікті бар

Малика Хамит 63 қаралым
Ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті: Щучинсктегі өртке қатысты күдікті бар

Щучинскіде тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қайғылы оқиға бойынша полиция күдіктіні ұстады.

29 қыркүйекке қараған түні Щучинск қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жалын шамамен 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үйдің ішінен 1968 жылы туған ерлі-зайыптының мәйітін тапқан.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, тұрғын үй қасақана өртелген болуы мүмкін.

Күдікке ілінген адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір полиция өрттің қалай болғанын, күдіктінің әрекетіне не себеп болғанын және оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp