Қазақстанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі ауысты. Ерсайын Нағаспаев ведомство басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекет басшысы оны лауазымынан босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды.
Еске салайық, Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған болатын.
Ол бұл қызметте бір жылға жуық уақыт жұмыс істеді.