Актриса, продюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы хабарлады, деп жазады Qandastar.kz.
Журналист сүйінші хабарды Instagram парақшасында хабарлады.
"Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың - сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!", - деп жазды ол.Оның бұл жаңалығына оқырмандары ақжарма тілектерін жаудырды. "Құтты болсын, жерлесіміз. Құралай бақытты болсын. Бағы жансын", "Оо, құтты болсын! Сұлу қыздың бағы жансын", "Дұрыс айтасыз, Ләйлә ханым, бақыттың ерте-кеші жоқ. Менің жасым 44-те. Алла жазса, 05.07 күні ұзату тойым болғалы жатыр. Әр адам бақытты болуға лайықты!", "Бағы ашылсын, бақытты болсын!", - деп жазды ол.