Мазмұнға өту
qandastar.

Ержан Саденов киберқылмыспен күресте елдерді күш біріктіруге шақырды

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада өткен киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Министрдің айтуынша, киберқылмыс мемлекеттік шекараға бағынбайды. Қылмыскер бір елде отырып, басқа мемлекеттегі азаматты алдауы мүмкін. Ал ұрланған қаражат санаулы минут ішінде бірнеше мемлекеттің банк шоттары арқылы өтіп кетеді.

Осыған байланысты Ержан Саденов халықаралық деңгейде ақпарат алмасуды жеделдету, қылмыстық схемаларды бірлесіп анықтау және тергеу жұмыстарын үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

«Біз бірлесіп әрекет етуіміз керек. Ақпарат алмасуды жеделдетіп, қылмыстық схемаларды бірге анықтап, тергеу жұмыстарын үйлестіру қажет. Ең бастысы – қылмыстарды ашумен ғана шектелмей, олардың алдын алуымыз керек», – деді министр.

Оның пікірінше, киберқылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу үшін мемлекеттердің құқық қорғау органдары күш біріктіріп, тәжірибелік ынтымақтастықты дамытуы қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp