Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Министр Ержан Саденов мемлекет мүддесі мен халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген ардагерлер мен полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Министр өз сөзінде тәртіп сақшыларының тәулік бойы адалдық, кәсібилік пен батылдық танытып, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүргенін атап өтті.
«Біздің ең басты міндетіміз – ел сенімін ақтау. Әрбір азамат полициядан әділдік пен қорғаныш табуы тиіс. Осыны әрдайым есте сақтайық», – деді Ержан Саденов.
Сондай-ақ министр алда тұрған міндеттердің көп екенін айтып, қызметкерлерді өз ісіне адал болуға және халыққа үлгі көрсетуге шақырды. Ол полиция қызметкерлеріне табыс, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.