Мазмұнға өту
qandastar.

«Есімде жоқ»: Нұрлыбек Нәлібаев Назарбаевқа қатысты сұрақты жауапсыз қалдырды

bahitzhanabzal · · 360 қаралым
«Есімде жоқ»: Нұрлыбек Нәлібаев Назарбаевқа қатысты сұрақты жауапсыз қалдырды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұта ма деген сұраққа нақты жауап бермеді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» атты брифингте журналист Серік Жолдасбай әкімнің «Википедиядағы» өмірбаянында бұрын Назарбаевты үлгі тұтатыны жазылғанын, ал кейін бұл дерек алынып тасталғанын айтып, өзгерістің себебін сұрады.

Нұрлыбек Нәлібаев бұл сауалға:

Есімде жоқ, шынымды айтсам
деп қысқа жауап берді.

Брифинг модераторы сұрақтың тақырыпқа сай еместігін айтып, оны жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Айта кетсек, Нұрлыбек Нәлібаев марқұм мемлекет қайраткері, экс-президенттің сенімді серігі болған Бердібек Сапарбаевтың інісі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp