Мазмұнға өту
qandastar.

Есірткі қолданатынын ашық айтқан шымкенттік блогер қамалды

bahitzhanabzal · · 248 қаралым
Есірткі қолданатынын ашық айтқан шымкенттік блогер қамалды

Әлеуметтік желіде 077Diva лақап атымен танылған блогер тікелей эфирдегі сөзі үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды  Qandastar.kz ақпарат порталы Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тікелей эфирде есірткі затын «көңіл-күй көтеру үшін»

ашық айтқан блогердің видеосына Шымкент полициясының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы назар аударған.

Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Медициналық сараптама нәтижесінде блогердің каннабиноид тұтынғаны дәлелденді.
Дәйексөз

Бұл іс бойынша материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-1 бабы бойынша іс қозғалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp