Мазмұнға өту
qandastar.

Есірткіге тойып алған жүргізуші Астанадан Қостанайға жолаушы тасыған

bahitzhanabzal · · 121 қаралым
Есірткіге тойып алған жүргізуші Астанадан Қостанайға жолаушы тасыған

Ақмола облысында Екатеринбург - Алматы тас жолының 1006-шақырымында Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі ұсталды. Автокөлікте жүргізушінің екі туысы және ride-sharing қолданбасы арқылы жолға қосылған жолаушы болған. Жолаушы сапар үшін 15 000 теңге төлеген, деп хабарлайды qandastar.kz

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында патрульдік полиция инспекторлары жүргізушіден есірткілік масаңдық белгілерін байқаған. Медициналық сараптама оның тыйым салынған заттар қолданғанын растады.

Жүргізушіге мемлекеттік тіркеусіз немесе тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны және мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp