Мазмұнға өту
qandastar.

Ескерту жасағаны үшін соққыға жығылды: Өскеменде полицей көз жұмды

Малика Хамит 63 қаралым
Ескерту жасағаны үшін соққыға жығылды: Өскеменде полицей көз жұмды

Өскеменде дәмханалардың бірінде болған жанжал салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы келушілердің бірі өзін әдепсіз ұстаған. Осыған байланысты оған ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға күдікті дене жарақатын салған.

Соққыдан ауыр жарақат алған ер адам көз жұмды. Бұдан бөлек, жанжал кезінде тағы бір азамат зардап шеккен.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қаза болған адамның полиция қызметкері болғаны анықталды.

Алайда ол кезде қызметте болмаған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайларын жариялаған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp