Мазмұнға өту
qandastar.

Этникалық қазақтарға берілетін визаның мерзімі қысқаруы мүмкін

Малика Хамит · · 46 қаралым
Этникалық қазақтарға берілетін визаның мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін кейбір визалардың мерзімін қысқарту мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ZTB арнасына сілтеме жасап.

Қазір С1 және С10 санатындағы визаларға қатысты талаптарды қайта қарау ұсынылған. Бұл өзгерістер Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрығына енгізілмек.

Ұсыныстың негізгі мақсаты – визалық тәртіпті реттеу, көші-қон бақылауын күшейту және құжаттың қолданылу уақытын оның рәсімделу мақсатына сәйкестендіру.

Мәселен, С10 визасы этникалық қазақтарға Қазақстанға жеке мақсатпен келуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы тәртіп бойынша бір реттік виза 90 күнге дейін берілсе, көп реттік визаның мерзімі үш жылға дейін жетеді. Ал мұндай визаны алғаш рет алатындарға ол бір жылға дейін рәсімделеді.

Енді осы мерзімдерге өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Яғни этникалық қазақтарға берілетін визалардың қолданылу уақыты бұрынғыдан қысқа болуы мүмкін.

Әзірге бұл – ұсыныс. Өзгерістердің нақты қандай мерзімдерді қамтитыны құжат жобасы қабылданғаннан кейін белгілі болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp