Мазмұнға өту
qandastar.

Еуразиялық банктің директорлар кеңесін Шухрат Ибрагимов басқаратын болды

bahitzhanabzal · · 116 қаралым
Еуразиялық банктің директорлар кеңесін Шухрат Ибрагимов басқаратын болды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Шухрат Ибрагимовтың Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлады qandastar.kz.

Ибрагимов енді банктің даму стратегиясын айқындап, корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру бағытында жұмыс істемек.

«Мен үшін Еуразиялық банктің негізін қалаушылар ұстанған идеяларды жалғастыру – үлкен мәртебе. Біздің мақсатымыз – банк позициясын нығайтып, клиент сенімін және акционерлердің құндылығын арттыру», – деді Шухрат Ибрагимов.

Сонымен қатар директорлар кеңесінің құрамына Жанбота Бекенова мен Ерлан Мусин кірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp