Мазмұнға өту
qandastar.

ФИФА Иран құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатынын растады

Бақытжан Мұса · · 555 қаралым
ФИФА Иран құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатынын растады

ФИФА президенті Джанни Инфантино Иран ұлттық құрамасы 2026 жылы АҚШ-та өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысатынын растады. Бұл туралы ол Халықаралық футбол федерациясының конгресінде мәлімдеген, деп хабарлайды «Чемпионат» басылымына сілтеме жасаған Qandastar.kz.

Инфантиноның айтуынша, футболдың басты мақсаты — елдерді біріктіру және адамдар арасындағы байланысты нығайту. Оның пікірінше, ФИФА әлемдік спорт арқылы бірлік пен өзара түсіністікті қолдайды.

Басылым дерегіне сәйкес, Иран құрамасы топтық кезеңде бірнеше матч өткізеді: екі ойын Лос-Анджелесте, ал бір матч Сиэтл қаласында жоспарланған.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелмек.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның турнирге қатысуын орынсыз деп бағалаған болатын. Ал Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Иран матчтарын өз елінде өткізуге мүмкіндік бар екенін айтқанымен, соңғы шешім ФИФА-ға тиесілі екенін ескерткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp