Әлеуметтік желіде Аrchibaaalt атымен танымал блогер Артур Асқарұлы 1,1 миллион жазылушысы бар негізгі Instagram-аккаунтынан айырылып қалды, деп хабарлайды
порталы.
Оның айтуынша, парақшада Португалияға қарсы ойында Өзбекстан құрамасының голы көрсетілген видео жарияланғаннан кейін аккаунт бұғатталған. Айта кетері, гол есепке алынбаған еді.
Блогер әлем чемпионатына оқырмандарына матч атмосферасын жеткізіп, оқиға орнынан әсерлерімен бөлісу үшін барғанын айтты. Алайда ол халықаралық турнирлердегі авторлық құқық талаптарының қатаңдығына тап болған.
Блогердің сөзінше, командасы аккаунтты қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Қазіргі уақытта шешімді күту ғана қалған.
Парақшаны қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап көрдік. Қазір тек күтеміз. Қолдау білдірген барлық адамға рақмет
Сонымен қатар блогер әлем чемпионатына қатысты жарияланған контент салдарынан оның YouTube арнасы да ескерту алуы мүмкін екенін мәлімдеді.