Мазмұнға өту
qandastar.

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі көтеріліп, жағалау өзгерді

Бақытжан Мұса · · 594 қаралым
Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі көтеріліп, жағалау өзгерді

Филиппиннің оңтүстігінде болған күшті жер сілкінісінен кейін кейбір жағалау аймақтарында теңіз түбі шамамен екі метрге көтеріліп, табиғи ландшафт айтарлықтай өзгерді. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Сарангани мен Давао-Оксиденталь провинцияларында теңіз түбінің едәуір бөлігі су бетіне шығып қалған. Соның салдарынан жағалау сызығы кей жерлерде 200 метрге дейін ұлғайған.

Жер сілкінісінен кейін маржан рифтері мен теңіз шөптері ашық қалып, оларды мекендейтін көптеген теңіз жануарлары қырылған. Жарияланған суреттерде жағада қалған балықтар мен өзге де теңіз тіршілігін көруге болады.

Қоршаған орта саласының мамандары экожүйеге айтарлықтай зиян келгенін атап өтті. Өзгерістерді алғаш болып жергілікті тұрғындар байқап, шіріп жатқан теңіз жануарларынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін екенін айтып, билікке хабарлаған.

Еске салсақ, 8 маусымға қараған түні Минданао аралының оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,8 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелген. Ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан кемінде 61 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp