Мазмұнға өту
qandastar.

Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдай бастады

Малика Хамит 12 қаралым
Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдай бастады

Flydubai әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалын іске қосты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Әуе компаниясының жаңа бағыттағы алғашқы рейсін Алматы халықаралық әуежайы қарсы алды.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыттың ашылуына орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, ұшақ дәстүрлі су аркасымен қарсы алынған.

Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша жүк рейстері Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады.

Ведомствоның хабарлауынша, жаңа бағыт Орталық Азия мен Таяу Шығыстың маңызды көлік-логистикалық орталықтары арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

Бұл бастама экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдауға қосымша мүмкіндік беріп, логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp