Мазмұнға өту
qandastar.

Францияда жаппай тәртіпсіздік болып, 1800-ге жуық адам ұсталды

Бақытжан Мұса 13 қаралым
Протестующие на площади Республики в Париже, 17 октября
Протестующие на площади Республики в Париже, 17 октября

Францияда өмір сүру құнының қымбаттауы мен мемлекеттік қызметтердің сапасына наразылық білдірген халықтың шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Reuters агенттігінің 18 қазандағы хабарлауынша, оқиғалар кезінде бір демонстрант қаза тауып, жүздеген полиция қызметкері жарақат алған. Qandastar.kz сайты хабарлады.

17 қазанда елдің ондаған қаласында өткен шерулерге 500 мыңнан астам адам қатысқан. Бастапқыда бейбіт сипатта болған акциялар кейіннен күш қолдану әрекеттеріне ұласқан.

Наразылық білдірушілердің бір бөлігі қоғамдық ғимараттарды өртеп, дүкендерді тонап, полиция қызметкерлері мен көліктеріне шабуыл жасаған. Лимож қаласында 143 жылдық тарихы бар мэрия ғимараты өрт салдарынан ішінара қираған. Бордо қаласының мэрі Томас Казенавтың мәліметінше, қалада 100-ге дейін дүкен тоналған.

Парижде полиция 855 адамды ұстаған. Ел бойынша ұсталғандардың жалпы саны шамамен 1800-ге жеткен. Ішкі істер министрінің мәліметінше, 500-ден астам полиция қызметкері жарақат алған.

Франция президенті Эммануэль Макрон елде зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін мәлімдеп, қоғамдық тәртіпті бұзғандар заң алдында жауап беретінін айтты. Премьер-министр Себастьян Лекорню да үкіметтің күш қолдану әрекеттеріне мойынсұнбайтынын жеткізді.

Наразылықтар өткен айда жұмысшы аудандарындағы мектептердегі оқу жағдайы мен мұғалімдердің жетіспеушілігіне байланысты басталған. Кейін қозғалыс әлеуметтік теңсіздікке, мемлекеттік шығындардың қысқаруына және тұрмыс құнының өсуіне қарсы жалпыұлттық акцияға айналған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp