Мазмұнға өту
qandastar.

Франция Норвегияны ірі есеппен жеңіп, топ жеңімпазы атанды

Бақытжан Мұса 89 қаралым
Франция Норвегияны ірі есеппен жеңіп, топ жеңімпазы атанды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Франция құрамасы Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, өз тобында бірінші орын алды, дейді Qandastar.kz сайты.

І тобындағы үшінші тур кездесуі АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Француздардың жеңісіне Усман Дембеле зор үлес қосып, 7, 20 және 32-минуттарда хет-трик авторы атанды. Қосымша уақытта Дезире Дуэ төртінші голды соқты.

Голдық шабуылдарға Килиан Мбаппе екі нәтижелі пас берсе, Орельен Тчуамени мен Брэдли Барколя да бір-бірден ассист жасады.

Норвегия сапындағы жалғыз голды 21-минутта Тело Осгор соқты. Оған нәтижелі пасты Андреас Шельдеруп берді. Ал матчтың 50-минутында Йорген Странн Ларсен орындаған пенальтиді Франция қақпашысы Майк Меньян қайтарды.

Осы жеңістен кейін Франция құрамасы үш матчта тоғыз ұпай жинап, І топтың жеңімпазы атанды. Команданың 1/16 финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Ал алты ұпай еншілеген Норвегия плей-офф кезеңіне екінші орынмен шығып, алғашқы матчында Кот-д’Ивуар құрамасымен кездеседі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp