Аустралия ғалымдары жасанды интеллектінің көмегімен инсультті алдын ала анықтайтын қосымша ойлап тапты,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Ол бет бұлшықеттерінің қозғалысы арқылы бірнеше секундта аурудың белгісі бар-жоғын дәл табады.
Тек адам бір сәтке күлімсіресе жеткілікті. Ал оның беті жиырылса, қосымша жақында болған инсультті бірден аңғарады
Технологияны мамандар еріктілер арасында сынап көрген. Сынақ нәтижесі инсультке шалдыққан науқастардың 82%-ын дәл тауыпты.