Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Канастота қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдау рәсіміне қатысты. Спортшының салтанатты шара алдындағы дайындық сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды, дейді Qandastar.kz сайты.
Халықаралық бокс даңқы залына қабылдау рәсімі 11-14 маусым аралығында ұйымдастырылып жатыр. 1990 жылдан бері жұмыс істейтін ұйым әлемдік боксқа зор үлес қосқан спортшыларды осы мәртебелі тізімге енгізіп келеді. Даңқ залына бұған дейін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер кіші және Мэнни Пакьяо секілді әйгілі былғары қолғап шеберлері қабылданған.
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы ұсынысында-ақ енді. Бұл шешім оның кәсіби бокстағы жарқын жетістіктері мен әлемдік спорттағы жоғары беделінің мойындалуы ретінде бағаланып отыр.
[video width="576" height="1024" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/document_5289986501222901554.mp4"][/video]