Әлем чемпионы, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқаратын Геннадий Головкин Гиза қаласында өткен Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы бокс кешіне қатысты, дейді Qandastar.kz.
Жекпе-жек барысында түсірілген видеода Головкиннің рингті Сауль Альварес пен Энтони Джошуа сияқты танымал боксшылармен бірге тамашалап отырғаны байқалған.
Аталған айқас 11-раундта аяқталып, жеңіс украиналық боксшы Александр Усикке бұйырды. Осы нәтижемен ол WBA (Super), WBC және The Ring нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулдарын сақтап қалды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес 2017–2022 жылдары Лас-Вегаста үш рет кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, кейінгі екі кездесуде жеңіс мексикалық боксшыға берілген еді.
Сондай-ақ бұл жекпе-жектер кейін жасанды интеллект көмегімен талданып, олардың нәтижесінде Головкин екі кездесуде басым болғаны туралы қорытынды жасалғаны хабарланған.