Мазмұнға өту
qandastar.

Германия азаматтары Қазақстан полициясына алғыс айтты

Бақытжан Мұса 42 қаралым
Polisia.kz
Polisia.kz

Қазақстанда болу мерзімін бұзған Германия азаматтарына Атырау облысының көші-қон қызметі қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Шығу визасы бір тәулік ішінде дайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Туристік мақсатпен Қазақстанға келген Германия азаматтары елде болу мерзімін өткізіп алуына байланысты шығу визасын алу үшін Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүгінген.

Полиция қызметкерлері қажетті құжаттарды қалпына келтіруге және шығу визасын рәсімдеуге қолдау көрсетті. Нәтижесінде барлық құжат бір тәулік ішінде дайындалып, шетелдік азаматтар қажетті визаны алды.

Жедел әрі сапалы көмекке ризашылығын білдірген Германия азаматтары Қазақстан полициясына алғыс айтты.

Атырау облысының көші-қон қызметі азаматтардың өтініштерін жедел қарауға, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге және шетелдіктерге қолданыстағы заңнама аясында көмек беруге басымдық береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp